Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «The best сурет» суреттер байқауын өткізу

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «The best сурет» суреттер байқауын  өткізді.  

Балалар өздерінің білімдерімен дағдыларын пайдалана отырып, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерімен, ел тәуелсіздігінің нышандарымен көркем образдар жасауға ынталы болды. Балаларды мәдениетке баулу, ізденімпаздық және сауатты адамды тәрбиелеу өте маңызды болып саналады.

Байқау өз өлкесі мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу арқылы бүлдіршіндерді азаматтық-патриоттық жәнерухани-адамгершілікке тәрбиелеу, тарих және мәдениет ескерткіштеріне, өз қаласының табиғи мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.