Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы №3 көпбейінді мектеп гимназиясының жазғы сауықтыру алаңында дәріс өтті.

Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы №3 көпбейінді мектеп гимназиясының жазғы сауықтыру алаңында дәріс өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы №3 көпбейінді мектеп гимназиясының жазғы сауықтыру алаңында «Ақмола облысының киелі жерлері» атты дәріс өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері және Көкшетау қаласының тарихи- мәдени мұра ескерткіштері туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады. Дәріс барысында киелі жерлер туралы ақпарат беретін слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді.