Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының маңынан адам бетінің бедерлі бейнесі - монументалды өнердің ежелгі ескерткіші табылды
Болжам бойынша, түркі кезеңіне жататын діни рәсімдерді өткізуге арналған қасиетті орын. Бет ерекшеліктері түркі бейнелеу өнеріне тән.
Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың археолог ғалымы Данияр Тілеуғабылов бұл ескерткішті зерттеп, мемлекеттік қорғауға алды.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы "Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңының 4 - бабына сәйкес, Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары алдын ала есепке алу тізіміне енгізеді және олардың мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуға жатады.
Құрылған күні: 17.07.2024 20:54
Жаңартылған күні: 17.07.2024 20:54
Қаралым саны: 1474