Сандықтау III қорымынан орта қола дәуірінің қыш ыдыстары табылуда
Андронов мәдениеті шаруашылықтың прогрессивті формаларының дамуымен сипатталады. Саздан жасалған ыдыстар Андронов қорымдарынан табылған негізгі заттай дерек болып табылады. Ыдыстардың түбі тегіс болып келеді, түбінің диаметрі әрқашан ернеуінің диаметрінен екі есе кіші болады. Ыдыстың биіктігі шамамен оның диаметріне тең. Бүйірлері дөңес, дөңгелектенген, ең үлкен диаметрі қыш ыдыстың жоғарғы үштен бір бөлігі болып келеді.
Қыш ыдыстарды қорымдар мен қорғандарға көптеп салуының себебі қола дәуіріндегі алғашқы дүниетанымның белгісі ретінде - о дүниеде өмір жалғасады деп сенген.
Құрылған күні: 08.07.2024 9:46
Жаңартылған күні: 08.07.2024 9:46
Қаралым саны: 1450