Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра күні-ұлттың үні» атты акция Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен өтті
Ұлттық домбыра күніне арналған Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен «Домбыра күні-ұлттың үні» атты акция өткізілді. Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді.
Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, қасиеті мен киесі болып саналады. Домбыра - халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі.
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын қасиетті мереке - Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрылған күні: 06.07.2024 13:13
Жаңартылған күні: 06.07.2024 13:13
Қаралым саны: 1148