«Тарихи-мәдени мұра объектілеріне қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу»
2018 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жанынан құрылған Ақмола облыстық экспедициясы Зеренді ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілеріне қорғау- құтқару жұмыстарын бастады.
Қорғау-құтқару жұмыстары б.з. дейінгі 7-8 ғ қола дәуіріне жататын қорымдарда жүргізілді. Экспедицияға Көкшетау қаласының Ш.Уәлиханов мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институты курсанттары қатысты. Жоғары оқу орындарының студенттерін археологиялық объектілермен тікелей таныстыру, жәдігерлерді іздеу мен зерттеу процесіне қатысу мүмкіндігі өскелең жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін дамытуға ықпалын тигізеді.
2018 жылдың 13 маусымында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің мамандары Кеңөткел археология ескерткіші №2 қабір шұңқырында 19 күйген ағаш қалдықтарын анықтады (бұл кремация рәсімін сипаттайды), жануар сүйектерінің қалдықтары, оның ішінде өңделген (күнделікті өмірде құралдар ретінде пайдаланылған деп болжамдалынды).
Сондай-ақ, адам сүйектері анықталып, сол жерден алтын анықталды. Қоладан жасалған білезік, сырты фольга алтынмен қапталып, қалыңдығы 2 мм-ден аспайтын бұйым болып саналады. Алынған материалға сүйене отырып, бұл жерде ру басының әйелін жерлеген деп болжамдауға болады. Сондай-ақ қыш ыдыстардың сынықтары мен фрагменттер табылды.
Археологиялық ескерткіштерге қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан артафактілері (жәдігерлер) тарих ғылымын зерделеу үшін қызықты, басқа да артефактілер табылуы мүмкін.
Құрылған күні: 25.06.2018 2:00
Жаңартылған күні: 30.06.2018 9:20
Қаралым саны: 2229