Астана күніне арналған «Жайнай бер, жас Астана!» атты акция Көкшетау қаласының Ш. Уәлиханов атындағы университетінің студенттерімен өтті

Астана күніне арналған  «Жайнай бер, жас Астана!» атты акция Көкшетау қаласының Ш. Уәлиханов атындағы университетінің студенттерімен өтті

Астана күні - Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам. Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына салынған ғимараттар жанымызды баурап, көңілімізді шарықтатып, қуанышқа бөлейді. 

Осыған орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттерімен орталық алаңда орналасқан «Тәуелсіздік» стеласы жанында «Жайнай бер, жас Астана!» атты акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты- Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып саналады.

Асқақтай бер Ару қала – Астана!

Астана күні құтты болсын!