Сандықтау III қорымынан орта қола дәуірі - Алакөл мәдениетіңің (б.з.д. 16-13 ғғ.) қыш ыдысы табылды
Қола дәуірінде қыш ыдыстарды жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Сол сияқты тұрмыста пайдаланған қыш ыдыстарды жерлеу ғұрпында қолданған.
Отандық археология тарихында қола дәуіріндегі заттай ескерткіштерді зерттеуде белгілі бір дәрежеде жетістіктерге қол жеткізілді. Сондықтан құнды тарихи деректеме болып табылатын қыш археологиялық ескерткіштерден алынған жәдігерлердің негізгі категориясын түзеді. Қыш ыдыстарды зерттей отырып, ертедегі тұрғындардың түрлі топтарының өзара қатынасын, ауысуын, шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктерін, дүние танымдарының кейбір қырларын, археологиялық мәдениеттерінің туыстастығы мен олардың шығу тегін баяндайды.
Орта қола дәуіріне тән қыш ыдыстардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелетіліп немесе мойыны мен бүйірінің арасы ойықталып жасалады. Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кездесетіні геометртиялық өрнек – үш бұрыш, меандр, сынық, ИРЕК СЫЗЫҚ және осылардың әртүрлі қиюласуы.
Ұзақ уақыттар бойында алакөл мен федоровтық өрнектерде ұқсастық бар деп есептелді. Оған негіз - геометриялық тікбұрышты фигуралардан құралған өрнектер белдеуінің салынуы еді.
Ұшбұрыштар көптеген мәдениеттерде аналық бастаудың, жер-ана өсімталдығының, өсіп-өнудің символы болып саналды. Ромбылар тізбегі өмір ағашы — бәйтеректі, ИРЕК СЫЗЫҚ суды бейнеледі.
Құрылған күні: 26.06.2024 10:23
Жаңартылған күні: 26.06.2024 10:23
Қаралым саны: 1098