САНДЫҚТАУ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

САНДЫҚТАУ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 0 САНДЫҚТАУ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 1 САНДЫҚТАУ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 2

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жыл сайын Ақмола облысының аумағында бұзылу қауіпі төніп тұрған археологиялық ескерткіштерге қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізеді.

«Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» жобасы аясында 2024 жылдың маусым-шілде айларында Сандықтау ауданындағы жаңадан анықталған қола дәуірінің (б.з.д. 18-15 ғғ.) Сандықтау III қорымдарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

 

Қола дәуірінің ескерткіштері көзге айқын көрінбейтін шеңберлі тас қоршауларымен ерекшеленеді. Ескерткіш Жабай өзенінің сол жағалауына жақын жерде орналасқандықтан жылсайынғы тасқын сумен, өзен арнасымен шайылып, бұзылуда. Бұл қорымның бір ерекшелігі, барлау жұмыстары барысында 150 ден астам ірілі-ұсақты қорғандардан тұратындығы анықталды. Бұл дегеніміз әр-бір қорғанның GPS координаттары алынып, топографиялық планы жасалды, мемлекет қорғауына алынды. Қазба барысында қола дәуіріне тән, өрнектелген қыш ыдыстың фрагменттері табылуда. Тарих ғылымдары үшін олжалы болады деген үміттеміз.

 

Қазба жұмыстарына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің студенттері, магистранттары мен Phd докторанттары қатысуда. Археологиялық қазба жұмыстары Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры, тарих ғылымдарының магистрі Ж. К. Укеевтің басшылығымен жүргізілуде.