«Аңызға айналған киелі жерлері» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жазғы сауықтыру лагерінде дәріс өткізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағынтындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініңжазғы сауықтыру лагерінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты дәріс өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері туралы көрме ұйымдастырылып, киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Балалар әсіресе Абылай Хан, Кенесары хан сияқты дала билеушілерімен байланысты ескерткіштерді ерекше атап өтті. Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.
Құрылған күні: 12.06.2024 15:23
Жаңартылған күні: 12.06.2024 15:23
Қаралым саны: 568