Ақмола облысы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында белгіленген, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тазарту жұмыстары бойынша жалпыұлттық маңызы бар киелі обьект, ғұлама ғалым, табаңды қоғам қайраткері, азаттық үшін ымырасыз күресе білген Науан Хазірет (Наурызбай Таласұлы) мазары жанында өтті.
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріндегі экологиялық акция тарихи ескерткіштерді сақтау және табиғат пен тарихқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізіліп, тазалық - мәдениет, тәрбие белгісі деп танып, айналып келгенде әр азаматтың парызы деп түсіну керек.
Экологиялық акцияға Қазақстан жазушылар және журналисттер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры С.С. Жетпісқалиев және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен белсенділер қатысты.
«Әруақты сыйлаған ел азбайды» деген сөзді ардақтап, Науан Хазірет атындағы мешітінің имамы зират басында марқұмдарға құран бағыштап, дұға оқыды.
Құрылған күні: 11.05.2024 19:54
Жаңартылған күні: 11.05.2024 19:54
Қаралым саны: 558