Ұлы Жеңіс күніне орай, «Ер мен жердің жеңісі» атты бейнеролик

Жеңіс күні - жыл сайын 9 мамырда аталып өтілетін мереке. Жеңіс күні алғаш рет КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 8 мамырдағы Жарлығымен Кеңес халқының неміс-фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының жеңісті аяқталуын және гитлерлік Германияны толығымен жеңген Қызыл Армияның тарихи жеңістерін еске алу үшін белгіленді.

9 мамыр - фашизмге қарсы Жеңістің символы ретінде, бейбітшілік пен бостандықты қорғаған жауынгерлердің батырлығын, қайсарлығын еске алу күні.

Қайсар батырлардың бірі - Демченко Кирилл Семенович туралы Сандықтау ауданының тарихи-өлкетану музейінің директоры Меңдібай Сайлаубайұлы Копобав мәлімет берді. Демченко Кирилл Семенович,Сандықтау ауданының тумасы, ҰОС кезеңінде барлаушы болған, хабарсыз кеткендердің қатарында саналған. 2019 жылы, Холм қаласының "Пирамида" іздеу жасағының қатысушылары, Новгород маңынан батырдың сүйегін тапқан. 78 жылдан кейін батырдың сүйегі отанына оралды. Қайсар жүрек батырдың қабірінен табылған жеке заттары, Сандықтау ауданының тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. 

Бүгін біз, соғысқа қатысқан  жауынгерлерді және жеңіс үшін тылда батыл күрескендерді еске алып, алғысымызды айтамыз. Еліміздің болашағы үшін өз өмірін қиған әрбір адамды есте сақтау-біздің парызымыз.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!