Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері туралы көрме ұйымдастырылып, киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.
Құрылған күні: 23.04.2024 15:14
Жаңартылған күні: 23.04.2024 15:14
Қаралым саны: 648