«Сәулет ескерткіштері- ғасырлар мұрасы»
12 жәңе 14 наурызда Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» Көкшетау қаласының №17, орта мектеп-гимназиясымен №1 орта мектеп-гимназиясымен бірлесіп сәулет ескерткіштер туралы слайдтағы өлкетану сағаты өткізілді. Өлкетану сағатын өткізудің мақсаты- Көкшетау қаласының сәулет ескерткіштер туралы айту болып саналады.
Осы іс-шарада өткен жүз жылдықтағы ғимараттарды слайд түрінде көрсетіп, сонымен қатар Орталық мамандары орталықтың қызметі туралы қызығушылықпен айтты.
Сәулет ескерткіштері өздерінің қай кезеңде тұрғызылғаны, кімдер тұрғызған және қаланың сәнін келтіретіндігі туралы айта отыра, қаланың тарихына деген сүйіспеншілік, өйткені әрбір ежелгі орындар, үйлер мен көшелер естелік болып адамның көкейінде қалады. Қазіргі таңда қала бойынша 15 сәулет ескерткіштері бар, олар қаламыздың тарихымен тығыз байланыста. Қазіргі уақытқа дейін сақталған саудагер Соколовтың тұрғын үйі, 1919 жылы уездік Ревком орналасқан ғимарат (Әуезов 157 мекенжайда орналасқан)- ағаш сәулет ғимараты болып саналады. Көптеген орыс саяхатшылары бұл ағаш ғимараттардың әсемдігі мен беріктігіне таң қалды. Әртүрлі кезеңдегі ғимараттар мемлекеттік қорғауда және тарих және мәдениет ескерткіштер қамқорлыққа алынып, қаланың мекеме мен кәсіпорындарына бекітілді.
Іс-шараға №17 орта мектеп-гимназиясының, №1 орта мектеп-гимназиясының оқушылары мен мұғалімдері атсалысып, қатысты. Оқушылар біздің қаламыздың қызықтыратын жерлері туралы тыңдап, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Құрылған күні: 15.03.2018 2:00
Жаңартылған күні: 15.03.2018 10:34
Қаралым саны: 2751