«Қайырымдылық - асыл қасиет». «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы» мекемесінің тәрбиеленушілерімен кездесу
Наурыз-көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі, достық пен бірлікті бейнелейді. Бұл күні адамдар туыстары мен жақындарына ізгі тілектерін тілеп, қолдау көрсетіп, игі істер жасайды.
15 наурыз - «Қайырымдылық - асыл қасиет» атты қайырымдылық күні Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығына барып, қордың қамқорлығындағылармен кездесіп, балаларға сыйлықтар апарып және Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
БҰҰ үкіметтер дамуға жалғыз қол жеткізе алмайды деп санайды, сондықтан азаматтық сектордың қатысуы — еріктілік пен қайырымдылық арқылы — адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерту маңызды рөл атқарады. Азаматтық қатысу орнықты дамуға: бар проблемалар туралы хабардарлықты арттыру және ұжымдық күш-жігерді жандандыру; халықтың әртүрлі топтары арасындағы сенімді нығайту және олардың әлеуметтік капиталын шоғырландыру; әлеуметтік және мәдени кедергілерді жою және қоғамдағы бірлікті нығайту арқылы үлес қосады; тұрғындары өз тағдырлары үшін жауап беруге дайын неғұрлым белсенді және тұрақты қауымдастықтар құру болып саналады. Наурыз мерекесінде қайырымдылық жасап, мейірімділікке шақырамыз.
Құрылған күні: 16.03.2024 9:06
Жаңартылған күні: 16.03.2024 9:06
Қаралым саны: 592