«Тарихынды таны» жобасы бойынша «Жер төресі, жыр еркесі-Көкшетау» тарихи-өлкетану кеші
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ мамандары Бурабай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп, «Жер төресі, жыр еркесі-Көкшетау» атты тарихи-өлкетану кешін өткізді. Іс-шара биылғы жылдың басты оқиғалары-Көкшетау қаласының 200 жылдығы, Ақмола облысының 85 жылдығы мен Абылай хан ескерткішінің 25 жылдығына арналып, Щучье қалалық кітапханасы базасында өтті.
Щучье педагогикалық колледжінің студенттері үшін дәріс оқылып, сонымен қатар Ақмола облысының киелі жерлері туралы және 2022 жылы Орталық жүргізген қорғау- құтқару жұмыстары кезінде Бурабай және Зеренді аумақтарында табылған археологиялық артефактілер, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығындағы кітаптар көрмеге ұсынылды. Киелі объектілер туралы слайдтар, бейнероликтер көрсетілді.
«Жер төресі, жыр еркесі-Көкшетау» атты тарихи-өлкетану кеші жастарды туған жерді тануға, тарихты қастерлеуге, рухани мәдени- мұраны сақтауға құнды әрі қызықты деректермен танысуға мүмкіндік берді. Студенттер Күлімжай Ж., Құдайберген А. Көкшетау мен Абылай ханға арналған өлең шумақтарын оқыды. Бурабай аудандық орталық кітапханасының директоры Рамазанова Н.Қ. кітапханалардың жұмысын атап өтіп, атқарылып жатқан жобалармен, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Іс-шараны ұйымдастырған Бурабай аудандық орталық кітапханасына алғысымызды білдіреміз!
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
(С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан үзінді)
Құрылған күні: 25.02.2024 8:15
Жаңартылған күні: 25.02.2024 8:15
Қаралым саны: 677