«Қыз еркем,қылығымен көркем!»
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Көкшетау қаласының оқу орындарымен бірлесіп қаланың объекті мен ескерткіштері алдында әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл өткізген іс-шаралар жастарымызды патриоттық сезім мен тарихи-мәдени мұраға деген құрметпен қарауға тәрбиелеу болып саналады.
2018 жылдың 5 наурыз күні Орталық мамандары Көкшетау қаласының №12 орта мектеппен бірлесіп Халықарлық әйелдер күніне арнап «Ананың ақ тілегі» монументальді-скульптуралық кешен алдында акция өткізді.
Акцияға №12 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ескерткіштің тарихы, қала өмірінде оның маңызын біле отыра, жиналғандарды өздерінің ана және көктем туралы дайындаған өлеңдері мен әндерін айтып, билерімен қуантты. Оқушылар ескерткіш туралы қысқаша ақпарат жазылған буклеттер таратты. Акция өте тартымды, жылы көңілде, достық қарым-қатынаста өтті.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі атынан №12 орта мектеп әкімшілігіне осындай өткізген іс-шараға атсалысқан үшін алғысымызды білдірдік.Құрылған күні: 06.03.2018 2:00
Жаңартылған күні: 06.03.2018 10:39
Қаралым саны: 2208