1939 жылы 14 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Ақмола облысы құрылған
1939 жылы 14 қазандаКСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Ақмола облысы құрылған. 1999 жылы сәуір айында Қазақстан Президентінің Жарлығымен жаңа Ақмола облысы ашылды және Көкшетау қаласы облыс орталығы болып белгіленді. Ақмола облысы бүгінгі таңда ірі аграрлық, индустриялық, экономикалық даму жолына түскен аймақ болып саналады.
Бүгін Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ақмола облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай, «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын Көкшетау қаласының азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттеріне өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының құрылуы, аумағы, халық саны, оның ұлттық құрамы, сондай-ақ Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы туралы слайдтар, бейнематериалдар мен көрмелер ұйымдастылды. Студенттер өздеріне құнды да қызықты мәлімет алды.
Мақсаты – өзіміздің жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу болып саналады. Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы еліміздің ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын, жас буынның болашаққа сеніммен қарап, нық қадам басуына, олардың бойына отаншылдық рух сіңіруге қызмет етпек деген ойдамыз.
Құрылған күні: 08.02.2024 20:02
Жаңартылған күні: 08.02.2024 20:02
Қаралым саны: 688