ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ КӨКШЕ ӨҢІРІ
Көкшетау қаласы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына Ерте темір дәуіріндегі – сақтар тақырыбында, Көкше өңіріндегі археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктері жайлы Ақмола облысы Мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Ж.Укеев арнайы бірлескен дәріс оқыды.
Дәріс барысында соңғы жылдары сақ мәдениетіне қатысты зерттеулермен бөлісіп, арнайы көрме арқылы табылған жәдігерлер көрсетіліп оқушылардың білімдері бекітілді.
Байқағанымыздай бұл мектептің бір ерекшелігі қандай да болмасын қызықты тақырыптарды өзге мекемелермен бірлесе өткізуінде. Бұл дегеніміз көне тарихымызға деген құрмет, алғашқы білім нәрі қалай берілсе жас зерттеушінің жадында мәңгі есте қалмақ.
Дәріс барысында оқушылар көптеген сұрақтарын қойып, өздерінің сақ кезеңіне қатысты жақсы ойларымен бөлісті. Осындай сабақ өткізген тарих пәнінің мұғалімі – Алтыншаш Жалмухановаға алғысымыз шексіз.
Айта кетерлік, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясында археолог Урумбаев Руслан басқаратын «Nomad» археологиялық клубының жас зерттеушілері жылсайынғы жазғы археологиялық экспедицияларға қатысып, білімдерін бекітуде. Биылғы жылдың маусымында да көптеп қатысатындығына келісілді.
Құрылған күні: 06.02.2024 14:54
Жаңартылған күні: 06.02.2024 14:54
Қаралым саны: 694