«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты апталығы
Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылында орналасқан «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балаларды сауықтыру лагері» КММ ұйымдастыруымен Сандықтау, Атбасар, Зеренді, Бурабай аудандарының және Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты апталығы ұйымдастырылды.
2024 жылы Сандықтау ауданында өтетін археологиялық маусымға жас зерттеушілерді көптеп баулау мақсатында, аталмыш іс-шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің директоры Ж. Укеев қатысып, өзінің ғылыми жетекшілік еткен археологиялық зерттеулердің негізінде Қазақстанның көне тарихына қатысты тас дәуіріндегі энеолит кезеңі-Ботай мәдениетінен (б.з.д. 24-22 ғғ.), қола дәуірінің-Алакөл-Федоров мәдениетінен (б.з.д. 15-12 ғғ.), ерте темір дәуірінің-Сақ кезеңінен - (б.з.д. 7-3 ғғ.) тұратын бірнеше дәрістерін оқып, табылған жәдігерлерден тұратын көрме ұсынылды.
Көрмеде соңғы кездері Орталықтың зерттеулерінен табылған және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтау бөлімі ұсынған бірнеше жәдігерлерімен оқушылар көптеп танысты.
Көрме жоғарыда айтылған үш тарихи дәуірді қамтығандықтан оқушылар өздеріне қызықты көптеген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Құрылған күні: 29.01.2024 9:38
Жаңартылған күні: 29.01.2024 9:38
Қаралым саны: 624