Қалалык мектептерде Акмола облысының киелі жерлері туралы акциясы
2018 жылдың 30 қаңтарында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі № 13 «ЭКОС» Экологиялық гимназия-мектебінің 8 сынып оқушылары үшін «Ақмола облысының киелі жерлері» атты акциясын өткізілді.
2018 жылдың 1,2 ақпан күндерінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицейінің мемлекеттік және орыс тілінде оқитын 5 сынып оқушыларына мектептің өзінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты акциясын өткізілді.
Орталық мамандары Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының незіггі бағытры туралы айтып, түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру «Жас-тары¬мыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп тезисте айтылған.
Одан әрі Орталық мамандары облысымыздың тарихи-мәдени мұрасы туралы және сақтап, олар туралы білу, сол кезеңде өмір сүрген ата-бабаларымыздың рухы сақталған, өздерінің тарихын еске түсіретін ұрпаққа айту және тарихын еске сақтау болып саналады. Сонымен қатар Орталықтың негізгі қызмет бағыттары- тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғауға алу, есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялық жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету болып саналады.
Оқушылар, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің дайындаған стенттермен, өлкеміздің киелі жерлер картасымен танысты.
Құрылған күні: 02.02.2018 2:00
Жаңартылған күні: 02.02.2018 17:12
Қаралым саны: 1983