«Қазақ даласының палуаны» атты тарих сабағы
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағанбет Баймырзаұлы) (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған болатын.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғаужәне пайдалану орталығы» КММ-сі Балуан Шолақтың 160 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ даласының палуаны» атты тарих сабағын Көкшетау қаласының №7 орта мектебінің 8, 9, 10 сынып оқушыларына өткізді. Балуан Шолақтың өмірбаянымен танысып, сонымен қатар Ақмола облысында тұрғызылған ескерткіштер туралы айтылды.
Тарих сабағының мақсаты: оқушылардың Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Бұл ұлы адамның біздің жерлесіміз екендігін айтып, мақтаныш сезімін және осындай алып күш иесіне тұрғызған ескерткіштер арқылы патриотттық сезімін ояту болып саналады.
Құрылған күні: 17.01.2024 16:23
Жаңартылған күні: 17.01.2024 16:23
Қаралым саны: 764