Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының №7 орта мектебінің 8, 9, 10 сынып оқушыларына тарих сабағын өткізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының №7 орта мектебінің 8, 9, 10 сынып оқушыларына тарих сабағын өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері туралы көрме ұйымдастырылып, киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді.
Мақсаты – өзіміздің жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу болып саналады. Аталмыш қиелі жерлер немесе орындар біртұтас еліміздің ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын, жас буынның болашаққа сеніммен қарап, нық қадам басуына, олардың бойына қазақстандық патриотизм мен мемлекетшілдік рух сіңіруге қызмет етпек деген ойдамыз.
Құрылған күні: 10.01.2024 18:48
Жаңартылған күні: 10.01.2024 18:48
Қаралым саны: 760