Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде Көкшетау қаласы мәртебесінің 200 жылдығына арналған «Көкшетау өңірінің тарихы: негізгі кезеңдері және тұлғалар» атты республикалық конференция өтті
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде Көкшетау қаласы мәртебесінің 200 жылдығына арналған «Көкшетау өңірінің тарихы: негізгі кезеңдері және тұлғалар» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның, облыстың белгілі ғылыми қайраткерлері, сондай-ақ оқу орындарының өкілдері қатысты. Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі археологиялық қорғау-құтқару жұмыстары барысында Көкшетау қаласының, Бурабай және Зеренді аудандарынан табылған энеолит, қола және ерте темір дәуіріне жататын артефактілер көрмесін ұсынды. Орталық директоры Ж. Үкеев Көкшетау қаласына іргелес аумақта көптеген ежелгі жерлеу орындары мен қоныстар туралы «Көкше өңірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу тарихынан» атты баяндама жасады, бұл аумақта ежелгі заманнан бері адамдар өмір сүріп, шаруашылықпен айналысқандығы жайлы сыр шертеді және зерттеуді қажет ететін бай материалдан тұратындығын айғақтайды.
Құрылған күні: 15.12.2023 16:08
Жаңартылған күні: 15.12.2023 16:08
Қаралым саны: 947