Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2023 жылғы 8 желтоқсанда "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін орнату тұралы" тақырыбында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік семинар өткізді.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2023 жылғы 8 желтоқсанда "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін орнату тұралы" тақырыбында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты монументтік өнер ескерткіштерін, мемориалдық тақталарды орнату, Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және қорғау мәселелерін түсіндірумен байланысты болды. Семинарға аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Атбасар, Аршалы, Астрахан, Бұланды және Бурабай аудандарының мәдениет бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Құрылған күні: 08.12.2023 16:15
Жаңартылған күні: 08.12.2023 16:15
Қаралым саны: 952