Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп Көкшетау қаласында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне экскурсия өткізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп Көкшетау қаласында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне экскурсия өткізді.
Ескеркіштер деп ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалған мүсіндік туындыны айтамыз.
Көкшетау өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу, сақтау және келушілерге таныстыру тарихымызды ұлықтау және ұлттың ұлылығын көрсететін мәдени мұрамыз болып саналады. Жалпы қаламызда 40 жуық ескерткіш бар, олар республикалық, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра ескерткіштер және алдын ала тізімде тұрған ескерткіштер болып бөлінеді.
Бүгінгі таңда салынған монументалды өнер және сәулет қалақұрылыс ескерткіштер шын мәнінде кез келген адамға ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезеңдерін басынан өткерген, тарихтың бізге беймәлім сырлары тұнған бұл мұралар халқымыздың өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. Сондықтан да осы ескерткіштерді зерттеу, сақтау, қалпына келтіру және жас ұрпаққа насихаттау – басты борышымыз деп білеміз.
Құрылған күні: 14.11.2023 21:25
Жаңартылған күні: 14.11.2023 21:25
Қаралым саны: 1062