Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мәдени мұра-ел байлығы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция
Қазақстан Республикасының күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ «Мәдени мұра-ел байлығы» ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция баяндамашылары: өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Г.Д. Салық; Ш.Уәлиханов ат.университетінің Жалпы тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистры Төлепбергенов Ғ.М.;техника ғылымдарының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру кафедрасының доценті Мухамадеева Р.М.; А. Мырзахметов атындағы КУ тарих факультетінің студенті Рахимова К.С., сонымен қатысқандар Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының оқытушысы Д.К Кенжебек және А. Мырзахметов атындағы КУ тарих факультетінің студенттері.
Іс-шара барысында ғалымдар мен өлкетанушылар өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы, тарихи-мәдени мұраны сақтаудың бір түрі ретінде 3д технологияларды қолдану туралы, Біржан сал және Бурабай аудандарындағы археологиялық қазбалардан табылған артефактілер туралы сөз сөйледі. Ұлы Даланың тарихи өткенін, оның әлемдік өркениет үшін маңыздылығын зерттеуге археология да баға жетпес үлес қосатындығы сөзсіз мәлім болып саналады.
Тарихи-мәдени мұра - бұл біздің ата-бабаларымыз жасаған және халықтың өзіндік ерекшелігін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін сақтау мен дамыту үшін маңызы бар материалдық және рухани құндылықтар болып келеді. Тарихи-мәдени мұраның жылжымайтын объектілері (тарих және мәдениет ескерткіштері) оның материалдық негізін құрайды және ұлттық тарихи-мәдени ортаны қалыптастырады.
Конференцияны ұйымдастыруда көрсеткен ынтымақтастығы мен қолдауы үшін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы және "Қоғамдық келісім" КММ-не ерекше ризашылығымызды білдіреміз!
Құрылған күні: 20.10.2023 17:27
Жаңартылған күні: 20.10.2023 17:27
Қаралым саны: 969