Республика күні – еліміздің басты және ұлттық мереке!
Республика күні – еліміздің басты және ұлттық мереке! Республика күніне орай, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенттерімен «Тәуелсіз елдің ұрпағы» акцияны «Тәуелсіздік» стеласы алдында өткізді. Аталмыш іс-шарада «Тәуелсіздік» стеласының тарихы туралы айтылды. Мақсаты- студенттерді өз Отанын сүйюге, туған халқының тілін, мәдениетін, тарихын біліуге, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу болып саналады.
Композицияның ортасында Қазақстанның рәмізі -қазақ ою-өрнегінің алтын жақтауындағы Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген. Стела біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік рухын бейнелейді. Стела металлдан, гранит плита және бетоннан жасалған, жалпы биіктігі 20 метрді құрайды. Стеланың авторы - Астана Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Игорь Гойденко.
Құрылған күні: 04.10.2023 18:47
Жаңартылған күні: 04.10.2023 18:47
Қаралым саны: 507