ХІХ-ХХ ғғ. Ақмола облысының тарихи-мәдени бастаулары
2023 жылдың 25-26 шілдесінде Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Мемлекет тарихы институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Әлима Мүсірқызы Ауанасова сөз сөйлеп, «ХІХ-ХХ ғғ. Ақмола облысының тарихи-мәдени бастаулары» атты тақырыбындағы дәрісін оқыды. Осы тақырыптың аясында Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Тарихи-мәдени мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Укеев Жасұлан Кәрімұлы, мекеменің археология, қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Тілеужанқызы Жаманова сөз сөйледі. Тарихи ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраны қорғау мәдени-тарихи құндылық объектілерін сақтауға және оны қорғауға бағытталған шаралар мен іс-шаралар кешені қамтылатыны аталып өтілді. Ескерткіштердің құндылығын бағалау, оларды зерттеу және ресми мәртебе беру, қалпына келтіру және сақтау шаралары болып табылады. Әрине, ең маңызды сәттердің бірі – ескерткішті ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгізу, оның міндеттері ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңыздылығына байланысты сақтау және насихаттау болып табылады. Тарих және мәдениет ескерткіштері уақыт рухын бейнелейтін ел тарихының бөлігі болып табылады, олардың маңыздылығы тек құндылықтар мен көзқарастарды қайта бағалаумен шектелуі мүмкін.
Құрылған күні: 27.07.2023 23:07
Жаңартылған күні: 27.07.2023 23:07
Қаралым саны: 455