«Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» жобасы
Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу барысында, оңтүстік сектордағы сұр дақты ашу кезінде 1,7х0.65 м адамның жерленгені анықталды. Адам сүйегі оң жағымен, басы солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан. Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған. Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды. Жерлеу ерекшеліктеріне сүйене отырып, уақыт кезеңі қола дәуіріне жатады деп болжауға болады (б.з. д. алғашқы 1-2 мың жылдық). Бұл нұсқаның толық расталуы қорғанды толық зерттеп, табылған жәдігерлерге тиісті талдау жүргізгеннен кейін белгілі болады.
Құрылған күні: 27.06.2023 18:05
Жаңартылған күні: 27.06.2023 18:05
Қаралым саны: 458