«Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» жобасы
Қызылұйым ауылының маңындағы қорғанды қазу барысында орталық мамандары мен археологотар, оның құрылымына қарап жерлеу орнының нақты қай уақытқа жататындығын аршу барысында анықталатындығын айтады (бұрын жерлеу орны ерте темір кезеңіне жатады деп болжанған). Ол үшін қорғанның толық қазылуынан кейін және табылатын олжаларға тиісті талдаулар жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Оңтүстік секторды қазу барысында шым қабатын алып тастағаннан кейін жерлеу негізінен ірі және орташа тастардан, одан әрі қиыршық тасты қабаттан тұрды, материктік қабатқа жеткенде сұр дақ шығыс-батыс бағытына қарай байқалады. Жерлеудің солтүстік бөлігінен тастарды алу кезінде тау жынысы табылды, сәйкесінше зерттеудің негізгі орны оңтүстік сектор болады.
Құрылған күні: 23.06.2023 8:21
Жаңартылған күні: 23.06.2023 8:21
Қаралым саны: 262