Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жыл сайын Ақмола облысының аумағында археологиялық қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізеді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жыл сайын Ақмола облысының аумағында археологиялық қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізеді. «Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» жобасы аясында 2023 жылдың 12 маусым мен 12 шілде аралығында Біржан сал ауданының аумағындағы Қызылұйым ауылына жақын Жүкей көлінің жағалауында орналасқан ерте темір ғасырының (б.ғ.д VII - III ғғ.) ескерткіштеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізілуде.
Ерте темір кезеңінің жерлеу орны бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады. Жерлеу орнынды тастардың айқын дөңгелек пішіні мен тас үйіндісі бар.
Қазба жұмыстарына А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысуда.
Бұзылу қауіпі төніп тұрған қорғанда трактормен қазылған арықтар мен ежелгі шаруашылыққа пайдаланған қызметтің орындары байқалады. Қорғау-құтқару жұмыстары Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры, тарих магистрі Ж. К. Укеевтің басшылығымен жүргізілуде.
Бірінші күні қазба орнымен танысу, қорғандарды өлшеу, қазба орнын анықтау және оны зерттеу тәртібімен айналысуда.
Құрылған күні: 21.06.2023 10:16
Жаңартылған күні: 21.06.2023 10:16
Қаралым саны: 267