Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» суреттер байқауы
Балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі, 1949 жылы қарашада Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Алғаш рет 1950 жылы атап өтілді.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысының Білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» суреттер байқауын өткізді.
Байқау өз өлкесі мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу арқылы бүлдіршіндерді азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың сәулет өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; өз қаласының, өз елінің тарихи-мәдени өткені туралы білімдерін тереңдету; тарих және мәдениет ескерткіштеріне, өз қаласының табиғи мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Құрылған күні: 01.06.2023 8:38
Жаңартылған күні: 01.06.2023 8:38
Қаралым саны: 322