Жаралы жылдар жаңғырығы
Жыл сайын 1997 жылдан бастап Қазақстанда миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Құтқарылу үшін Қазақстан халқының басқа өңірлерге және елдерге қоныс аударуы.
Осы қиын-қыстау кезеңдерде арнайы лагерьлер құрылды, онда туған жерлерінен жер аударылған, түрлі айыптар бойынша сотталған адамдар болды. Сонымен қатар, жеке адамға ғана емес, бүкіл халықтарға айып тағылды.
Республиканың өзінде 1921-1954 жылдар аралығында 100 мың адам сотталды, ал олардың 25 мыңы ең жоғары жазаға және ату жазасы берілді. 110 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Бұл жылдар Қазақстан халқының жаңа тарихтағы ең ауыр кезең болды.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ «Мәңгілік мұң-шерлі шемен» тақырыбында жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған акция аясында экскурсия өткізді. Аталмыш іс-шараға Марамов Бурабай Марамұлы Науан Хазіреттің ұрпағы, сәулетші және Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Бурабай Марамұлы Науан Хазірет туралы естіген әңгімелер, қызметі, қоршаған ортасы және отбасы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, Науан Хазірет мазарының құрылысы және Көкшетау қаласының ескі зиратында саябақ құру барысы туралы ойымен бөлісті. Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Бауыржан Ғабдулұлы мазардың сәулеттік стилінің ерекшеліктерін, пайдаланылған материалдарды өте қызықты баяндады.
Ел дамуының қазіргі кезеңінде әрбір қазақстандық өз елінің тарихын есте сақтап, одан сабақ алып, заңды тәртіпті сақтауға, елдің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға атсалысуымыз тиіс!
Құрылған күні: 30.05.2023 15:08
Жаңартылған күні: 26.06.2023 9:39
Қаралым саны: 262