Ақмола облысының киелі объектілері
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ –сі «Аналар кеңесі» ҮЕҰ-мен бірлесіп Көкшетау қаласының орта мектеп оқушыларының қатысуымен қасиетті география бойынша іс-шара өткізді. Көкшетау қаласының 11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының киелі жерлері: Отырар, Сығанақ, Яссы және Шымкент қаласының осындай жерлерінде болған екен. Орталықтың айтқан Ақмола облысының киелі жерлері туралы әңгімелері «Аналар кеңесі» ҮЕҰ мен оқушылары аса қызығушылықпен тыңдап, оларды қызықтырды. Оқушылар өздерінің 2018 жылы Ақмола облысының киелі объектілеріне баруға өтініштерін білдірді.
Құрылған күні: 14.11.2017 2:00
Жаңартылған күні: 14.11.2017 17:01
Қаралым саны: 2093