Біздің еліміз бірегей тарихи- мәдени мұраға бай өлке болып саналады
Біздің еліміз бірегей тарихи- мәдени мұраға бай өлке болып саналады. Қазақстан аумағында көптеген ескерткіштер мен тарихи орындар бар, олардың көпшілігі бүкіл әлемге кеңінен танымал және ғаламшардың түкпір-түкпірінен келген туристер барып, қызықтайды. Ақмола облысында тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны- 1663, оның ішінде 5-і республикалық мәртебеге ие, 45 киелі жерлеріміз бар.
Байқау өз өлкесі мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу арқылы бүлдіршіндерді азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың сәулет өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; өз қаласының, өз елінің тарихи-мәдени өткені туралы білімдерін тереңдету; тарих және мәдениет ескерткіштеріне, өз қаласының табиғи мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысының Білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» суреттер байқауын өткізді және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ" суреттер байқауының басталғаны туралы жариялады!
Құрылған күні: 16.05.2023 18:26
Жаңартылған күні: 16.05.2023 18:26
Қаралым саны: 311