Қазақ халқының әйгілі композиторы, ақын Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ел еркесі- Ақан сері» акциясы
Қазақ ақыны, әнші және сазгер Ақан серінің 180-жылдығын мерекелеу аясында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ақын ескерткішінің жанында мерекелік акция өткізді.
Іс-шара барысында Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебі домбырашыларының ансамблі орындауында композитор Ақан серінің күйлері мен ақынның шығармашылығынан өлеңдер шырқалды.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Қоскөл аулында дүниеге келген. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Ақан серіні Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, "40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан сері – ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық адам. Оның есімі, ең алдымен, жұртшылыққа өзінің әнімен, өлеңімен тарады. Жас кезінен ол нәзік сезімді, үні мен әсем сазы жан тербеткен әнші, композитор, ақын болды. Ақан сері, Біржан сал. Жаяу Мұсалар халқымыздың ең ардақты, сүйікті әншілері екендігі жұртшылықтың бәріне мәлім.
Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектеп пен №1 орта мектеп-гимназиясының басшылығы мен оқушыларына белсенділік танытып, ынтымақтастық білдіргендері үшін алғыс білдіреді!
Атап кететін болсақ, Көкшетау қаласы №12 жалпы білім беретін мектептің директоры С.А.Шокимоваға, директорының тәрбие ісінің орынбасары А.Б. Сүлейменоваға, домбыра ұйымының жетекшісі Н.Б. Камалиеваға оқушыларды ұйымдастырып, қатысқандары үшін ерекше алғыс білдіреміз!
Құрылған күні: 20.04.2023 18:11
Жаңартылған күні: 21.04.2023 11:00
Қаралым саны: 383