Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні (International Day for Monuments and Sites)

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні (International Day for Monuments and Sites)

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні (International Day for Monuments and Sites) әлемде жыл сайын 18 сәуірде «Біздің тарихи Отанымызды сақтайық» ұранымен атап өтіледі.

Дүниежүзілік мұра күні деп те аталатын бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясы белгілеген.

Мереке 1984 жылдан бастап қоғамның назарын дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында аталып келеді. Сондай-ақ, ол әлемдік мұраның алуан түрлілігі мен оны қорғау және сақтау үшін қолданылатын күштер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Бай ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен ғалым-тарихшылар үшін ғана емес, сондай-ақ қалың жұртшылық үшін де өзекті және маңызды міндет болып табылады.

Бұл, ең алдымен, жаһанданудың жүріп жатқан процестерімен, тарихи бірегейлікті іздеумен, тамырларға, бастауларға қызығушылықпен байланысты. Әрине, бұған мемлекет тарапынан ұлттық тарихты жандандыруға мақсатты түрде көңіл бөлу ықпал етеді.

2023 жылдың 18 сәуір күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Ескерткіштер - мәдени мұраның мәйегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда тарихшы ғалымдар, Ш.Уәлиханов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінің оқытушылары зерттеуші-өлкетанушылар, археологтар және т. б. сөз сөйледі.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б.Амренованың алғыс хатымен Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы, Салық Гүлбаршын Дәкенқызы, Байдусенов Ерлан Рашитұлы, Косович Павел Владимирович, Нурсеитов Талғат Олжабайұлы, Уалиев Талапкер Аскарович, Кенжебек Дінмұхаммед Қанатбекұлы, Абилькадыров Арман Баянұлы, Ескендиров Қанат Зиятұлы, Дүйсенбай Данияр Болатбекұлы, Тлеугабылов Данияр Төлегенұлы марапатталды.