«ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ»

«ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ» 0 «ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ» 1

2023 жылдың 17 сәуір күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ директоры атынан Үкеев Жасұлан Кәрімұлы және «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ ректоры атынан Марат Кадырұлы Сырлыбаев «ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ» жасасты.

Тараптар бірқатар іс-шаралар мен бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық үшін өзара түсіністікке қол жеткізді. Ең алдымен жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау саласында, Университет пен Орталықтың бірыңғай ақпараттық ғылыми-білім беру ортасын, ғылым және жоғары білім саласындағы әріптестікті құру, университет пен орталықтың ынтымақтастығының тиімді нысандарын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында болып саналады.