«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2017 жылғы өткізілген Ақмола облыстық археологиялық экспедиция қорытындысы бойынша «Құңды қазба-рухани жаңғыру көзі» атты дөңгелек үстел
2017 жылдың 26 қазанында сағат 15-00-де М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша іс-шараны жүзеге асыру (Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың«Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының базалық бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Студенттер мен оқушылардың археологиялық экспедициясына қатысуы арқылы жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, рухани-адамгершілік басымдықтарды дамыту болып саналады. Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-ің басшылары мен инспекторлары, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары, тарих кафедрасының меңгерушілері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылар мен аталмыш жоғары оқу орындарының суденттері, ҚР ІІД ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары (осы жылы алғаш болып Зеренді ауданы, Кеңөткел ауылына жақын орналасқан археологиялық экспедицияға белсенді қатысқан курсаннаттар).
Құрылған күні: 27.10.2017 2:00
Жаңартылған күні: 27.10.2017 10:28
Қаралым саны: 2043