Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» атты дөңгелек үстелді Көкшетау қаласының №14 орта мектебінің 6 «а», 6 «ә» сынып оқушыларына өткізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған «Сұлтан Бейбарыс-Мысыр билеушісі» атты дөңгелек үстелді Көкшетау қаласының №14 орта мектебінің 6 «а», 6 «ә» сынып оқушыларына өткізді.
Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.
Іс-шараның мақсаты: Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне Сұлтан Бейбарыстың қосқан үлесін түсіндіру; бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелуі кез келгеннің қолынан келмейтін іс. Ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету болып саналады.
Құрылған күні: 23.02.2023 16:41
Жаңартылған күні: 23.02.2023 16:41
Қаралым саны: 326