«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 27 қаңтар күні сағат 15-00-де 13 «Экос» экологиялық мектеп-гиназиясында Мемлекет және саяси қайраткер Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Абылай хан: тарихи тұлға» атты тарих сабағын өткізді
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 27 қаңтар күні сағат 15-00-де 13 «Экос» экологиялық мектеп-гиназиясында Мемлекет және саяси қайраткер Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Абылай хан: тарихи тұлға»атты тарих сабағын өткізді.
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Қазақ тарихындағы тағдырлы кезеңнің күллі тауқыметін бойына жүктеген тұтас бітімді тұлға. Абылай ханның басшылығымен қазақ халқының туған жері, отаның жаудан азат ету жолындағы қиян-кескі ұрысы, күрделі геосаяси жағдайда айналадағы мемлекеттермен қарым-қатынаста дербестік сақтауға қол жеткізуі-ұлттық тарихымыздың жарқын беттері болып саналады.
Сонымен қатар аталмыш шарада Ақмола облысының мелекеттік тізіміне енген: Абылай хан ескерткіші, Абылай хан алаңы және оның ұрпақтары Кенесары хан ескерткіші, Кенесары үңгірі, Уәли хан мазары мен Ш. Уәлиханов ескерткіші туралы айтылып, слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты: Абылай ханның саяси қайраткерлігін, тұлғалық болмысын, мұрасын дәріптеу, Абылай ханның өмір жолын, ел тәуелсіздігін ұлықтау және Абылай хан арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Іс-шараға Көкшетау қаласының №13 «Экос» экологиялық мектеп-гиназиясының қазақ және орыс сыныптарында оқитын оқушылар қатысты.
Құрылған күні: 27.01.2023 18:42
Жаңартылған күні: 27.01.2023 18:42
Қаралым саны: 334