16.01.2023 жылы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 2022 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
16.01.2023 жылы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ (бұдан әрі-Орталық) 2022 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Спикер ретінде директор, тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистранты Ж.К. Үкеев сөз сөйлеп, орталықтың атқарған жұмысының негізгі сәттерін тоқтала отыра, сондай-ақ орталық жұмысының перспективалық бағыттары бойынша ұсыныстар енгізілді.
Орталық 2022 жылы Ақмола облысының археологиялық ескерткіштеріне қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізді. Археологияның мәдени тарихты түсінуден бастап, уақыт өте келе адамзат қоғамындағы өзгерістерді құжаттау мен түсіндірудің өткен жолын қалпына келтіруге дейінгі әртүрлі мақсаттары бар. Жерлеу орындарына қазба жұмысын жүргізу кезінде көптеген жағдайлар тудыруы мүмкін. Маусым айында б.з. д. XVII-XV ғасырлардағы қола дәуіріне жататын қорғандарда қорғау-құтқару жұмыстары жүргізілді, бұл Қошқарбай қонысы болатын. Қошқарбай шатқалының бірегейлігі, Шағалалы өзенінің аңғарының салыстырмалы түрде қысқа бөлігінде (шамамен 20 км) тас дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейінгі 100-ден астам археология нысандары шоғырланған, дәл осы жерде Кеңөткел 18 қорымы орналасқан. 3 қорғанда қорғау-құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыш (керамика) ыдыстар мен жануарлар сүйектерінің қалдықтары сияқты археологиялық олжалар табылды.
Бұдан басқа, қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін табиғи және антропогендік фактор салдарынан бұзылу қаупі төніп тұрғанархеология ескерткіші – Жаңажол 1 таңдалды, жергілікті тұрғындар осы объектінің үстінен артефактілер тапқандығы анықталды, бұл тарихи-мәдени мұра ескерткішінің бірегейлігін растайды. Одан әрі зерттеу барысында мынадайартефактілер табылды: қола жебе ұштары, ат әбзелдерінің бірнеше элементтері, қола пышақ, қола қанжар-акинак, тас қайрақ, сүйек тескіш бұйым. Аталмыш артефактілер сақ жауынгерінің жерлеу орнына тән болып келеді.
Археологиядық-барлау жұмыстары Аршалы ауданында да жүргізілді, онда ерте темір ғасыры кезеңіндегі жерлеу орындарының шекаралары анықталды.
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін танымал ету үшін мекеме түрлі жобалармен жұмыс жасай отыра, бірқатар іс-шаралар өткізеді, олар: акциялар, көрмелер, экскурсиялар, конференциялар, тарих сабақтары, БАҚ-та жарияланымдар және т.б. іс-шараларға қатысқан қатысушылар саны 7175 адамды құрады.
Орталықтың жоспарына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнаманың сақталуына ескерткіштердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізілді, қорытындысы бойынша тарих ескерткіштерін сақтау бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінде «Тарихи-мәдени мұра ақпараттық технология тілінде» жобасы аясында QR-коды бар тақтайшалар орнатылды.
Осылайша, 2022 жылы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау шеңберінде негізгі іс-шараларды іске асырды.
Құрылған күні: 23.01.2023 14:49
Жаңартылған күні: 23.01.2023 14:50
Қаралым саны: 497