25 қазан Қазақстан Республика күніне орай Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы 2022 жылдың 21 қазан күні «Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен тәуелсіздік нышаны» атты дөңгелек үстел өткізді
25 қазан Қазақстан Республика күніне орай Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы 2022 жылдың 21 қазан күні «Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен тәуелсіздік нышаны» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Гүлбаршын Дәкенқызы Салық, Ш.Уәлиханов атындағы университеттің PhD докторанты, жалпыға бірдей тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Уәлиев Талапкер Асқарұлы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының оқытушысы Дінмұхаммед Қанатбекұлы Кенжебек және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті тарих факультетінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында ғалымдар мен өлкетанушылар біздің өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы, Зеренді және Бурабай ауданындағы археологиялық қазба жұмысынан табылған артефактілер туралы мағлұмат берілді.
Құрылған күні: 22.10.2022 14:39
Жаңартылған күні: 22.10.2022 14:39
Қаралым саны: 384