Уали хан мазарына баруы
Ағымдағы жылдың 16 тамызында Ақмола облысы атынан Қазақстанның киелі картасына енгізуге ұсынылған 9 объектінің бірі болып келетін – Уәли хан мазарының аббаттандыру жұмысынан кейін, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин Уәли ханның ұрпақтары мен ардагерлердің қатысуымен кездесу өткізді. Бастапқыда Абылай ханның үлкен ұлы Уәли ханның жерленген жері Сырымбет қонысы деген болжам бар. 1995 жылы Зеренді ауданының тұрғындары Қазақстан ауылына жақын жерде, «Хан Төбе» деп аталатын төбеде арабша жазылған құлпытас табылып, зерттеп, анықтау үшін тарихшыларға табыстады. Ондағы жазу оқылғаннан кейін, осы жерде Орта жүздің соңғы ханы Уәли хан жерленгені белгілі болды. Ертеде барлық хандар мен билеушілер Қазақстанның рухани астанасы - Түркістанда жерленген еді, ал Уәли хан - туған жерінде жалғыз жерленген хан болды.
2008 жылы Уәли ханның туғанына 270 жыл толуына орай, ауыл ақсақалдары мен кәсіпкерлер жерленген жеріне кесене орнатуды ұйғарды. Бірақ, оның маңын абаттандыруға қаражат жетпеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Азия Агрохим» ЖШС-нің директоры, жергілікті кәсіпкер Б. Козлов жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниет білдіріп, өз қаржысына қоршау жасап, мазарға дейінгі жолға қиыршық тас төседі. Сондай-ақ, болашақта отыратын орындар (беседкалар) орнатуды жоспарлап отыр. Кездесуге Уали ханның ұрпағы - Сансызбай Мұқитанов та қатысты.Құрылған күні: 17.08.2017 2:00
Жаңартылған күні: 19.09.2017 20:30
Қаралым саны: 2889