Ақмола облысында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті
Ақмола облысында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында қоғам қайраткері, Көкшетау облысы «Қазақ тілі» қоғамының тұңғыш төрағасы, білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Знак Почета» орденінің иегері, еңбек ардагері Жағыпар Мұсаұлы Мусинға; қоғам қайраткері, құрметті құрылысшы, Атбасар ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, көптеген мерейтойлық медальдар мен төсбелгілердің иегері Бейсембек Иликенұлы Құрманқұловқа және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек ардагері Қайыржан Ғабдоллаұлы Қожабаевқа мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру сұрақтары көтерілді.Комиссия мүшелері Аршалы ауданының «Қоңыр адыр» (Басакина балка) табиғи ландшафты Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізуге мәселесін бір ауыздан қолдады.
Күн тәртібінде көтерілген барлық сұрақтар оң шешімін тапты. «Қоңыр адыр» бірегей табиғи ландшафтын насихаттау мақсатында бейнесюжет, фотоальбом әзірлеп, БАҚ және әлеуметтік желілерде жария, сонымен қатар «Қоңыр адыр» шатқалына археологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау ету ұсынылды.
Құрылған күні: 11.10.2022 14:26
Жаңартылған күні: 11.10.2022 14:26
Қаралым саны: 541