«Қайырымдылық-адамгершілік белгісі»
2022 жылғы 21 қыркүйекте Балалар жылына арналған Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысының «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы» мекемесінің тәрбиеленушілеріне «Қайырымдылық-адамгершілік белгісі» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында балалар Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы мен киелі объектілері туралы мағлұмат алды. Іс-шара соңында «Шанс» мекемесінің кітапханасына «Қасиетті Қазақстан» және «Қазақстан Республикасының тарихы және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы» атты кітаптар табысталды.
Құрылған күні: 22.09.2022 15:47
Жаңартылған күні: 22.09.2022 15:47
Қаралым саны: 422