Интернационалист-жауынгерлер стеласы

Интернационалист-жауынгерлер стеласы

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласында Ауған соғысында қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге ескерткіш стела орнатылды. Ескерткіш стеланың авторы-Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Манарбек Бұрмағанов. Стелада Қабылмажитабекжановтың, Николай Дрыгачтың, Эдмунд Гирштің және Ауғанстанда қаза тапқан басқа да аудан тумаларының есімдері жазылған. Ескерткішті жасауға Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Азамататхожин, «Астық гарант» ЖШС директоры Темірғали Валиев және басқа да азаматтар қаржылай көмек көрсетті. 2015 жылы орнатылған.