Рамазан Елебаев мүсіні
Р.Елебаев 1910 жылы Құдықағаш ауылында (қазіргі Ақмола облысы Біржан сал ауданы) дүниеге келген. 1931 жылы Қазақ мемлекеттік драма театрының актері болды. 6 жылдан кейін А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтына оқуға түсті. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін оқуын тоқтатып, майданға аттанды.
Өзінің алғашқы «Жолдастар» әнін армияда қызмет еткен жылдары жазды (1930). 1935 жылы республиканың құрылғанына 15 жыл толуына орай «Қазақстан» әнін жазған; «Қуаныштыжолсапар» («Бақытты жол») әні Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арналған (1936). Соғыс жылдарында скрипка мен фортепианоға арналған сюита жазды, «Талғар полкінің маршы» , «28 батыр» («Песня о 28 батырах»), «23-полк маршы» («Марш 23 полка» ) және басқа да әндер жазған. "Жас қазақ" әнін Бородино түбіндегі шайқаста қаза тапқан досы Төлеген Тохтаровқа арнады.
Рамазан Елебаев 1943 жылы 4 қарашада Псков облысының Аршахино ауылында қайтыс болды. Кейін Новосокольники қаласының жанындағы Золотково маңындағы жаппай қабірге қайта жерленді.
Бюст 2017 жылы орнатылды.