«Тәуелсіздік» стеласы
Авторы: суретші И.Гайденко. Стела биіктігі 20 метр. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай орнатылды. Қазақ ою-өрнегінің алтынмен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы композицияның орталығы болып табылады. Осы ұлы монументтің арқасында көкшетаулықтардың сүйікті демалыс орны - "Тәуелсіздік" алаңы да айтарлықтай өзгерді.